«Абай әлеміне саяхат» ABAIFEST декадасы аясында
3 тамыз күні Шешенқара ауылдық кітапханасы Абай күніне орай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты әдеби палитра ұйымдастырды.
Іс-шара барысында кітапханашы мен «Қамқор Шешенқара» еріктілер тобы ауылдағы мекемелерді аралап, қызметкерлерге Абайдың танымал өлеңдерін мәнерлеп дауыстап оқытып, ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттады.
Абай поэзиясын бірге оқыған қатысушылар ақын шығармаларының тәрбиелік мәні мен өміршеңдігі туралы ой бөлісіп, ұлттық әдебиетке деген құрметтерін білдірді.
#ABAIFEST
Жаңалықтар
Posted in
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»: ABAIFEST декадасы
Posted in
