Ростовка ауылдық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына арналған «Ұлт рухын ұлықтаған тұлға» атты тұлғатаным кеші өтті.
Шара барысында қатысушыларға Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен ел руханиятын дамытуға қосқан өлшеусіз еңбегі таныстырылды. Сонымен қатар «Мұра мен зерттеу» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, тұлғаның ұлттық мәдениет пен тарихи мұраны жаңғыртудағы қызметі жайлы деректі фильм көрсетілді. Кездесу соңында жастар өз пікірлерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеудің маңыздылығы туралы ой өрбітті.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елін, жерін және ұлттық мұрасын құрметтеуге тәрбиелейді.
Жаңалықтар
Posted in
«Ұлт рухын ұлықтаған тұлға»: Ө.Жәнібековтің туғанына 95 жыл.
Posted in
