КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Көмірден басталған тарих»: Қарағанды облысының құрылғанына 90 жыл.

Аудандық балалар кітапханасында Қарағанды облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Көмірден басталған тарих» атты тарихи-панорамалық кеш өтті.

Іс-шара барысында оқырмандар Қарағанды өңірінің тарихы туралы презентацияны тамашалап, «90 жыл – 90 дерек» кітап көрмесімен танысты. Сонымен қатар, «Мен Қарағандыны білемін бе?» атты зияткерлік ойынға қатысып, қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.

Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихи танымын кеңейтуге ықпал етеді.

Оставить отзыв