Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойына арналған «Тарих сөйлейді: 90 жылдық хроникалар шеруі» тарихи экскурсына Бұқар жырау аудандық орталық кітапханасы да белсенді қатысты. Кітапхана мамандары келушілерге Тың игеру кезеңінің тарихын таныстырып, сол дәуірдің маңызды оқиғалары мен өңірдің дамуына қосқан үлесі туралы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар үшін Қарағанды қаласының көрікті жерлері мен тарихи ескерткіштеріне арналған танымдық «Puzzle Time» ойыны ұйымдастырылып, ерекше қызығушылық тудырды. Шара барысында қонақтар өңір тарихымен тереңірек танысып, қызықты деректер мен тың мәліметтерге қанықты. #Қарағанды90#ТарихСөйлейді#БұқарЖырауАуданы#ТыңИгеру
Uncategorized
Posted in
«Тарих сөйлейді: 90 жылдық хроникалар шеруі»
Posted in
