КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Uncategorized
Posted in

«Туған ауыл – тұнған тарих»

Posted in

Новоузенка ауылдық кітапханасында клуб @novouzenka_klub мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырылған «Туған ауыл – тұнған тарих» атты тарихи-танымдық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты – туған өлкенің тарихын насихаттау, ауыл шежіресін кейінгі ұрпаққа жеткізу және елге еңбегі сіңген азаматтардың өмір жолын үлгі ету.
Кеш барысында ауыл тарихына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ауылдың өткені туралы құнды деректер, архивтік материалдар мен ескі фотосуреттер ұсынылды.
Шараның құрметті қонағы, ауылымыздың қадірлі ақсақалы Мұстұпаев Хамзат Исмаилұлы болды. Ол өз өмір жолы жайында әңгімелеп, Новоузенка ауылына қалай келгенін, ауылдың құрылу тарихы мен алғашқы тұрғындары туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті. Ақсақалдың әңгімесі арқылы қатысушылар туған жердің өткені туралы көптеген тың мәліметтерге қанықты.
Сонымен қатар кездесуге ауылымыздың ардақты тұрғыны Масалова Мария Николаевна қатысып, ұзақ жылдар бойы Новоузенка ауылдық кітапханасында абыройлы еңбек еткен қызмет жолы туралы айтып өтті. Ол кітапхана тарихы, ауыл мәдениетінің дамуы және кітаптың адам өміріндегі маңызы жайлы өз ойларымен бөлісті.
Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары мен үлкендер туған өлкенің өткені жайлы естеліктер айтып, жастарға өнегелі әңгімелерін жеткізді. Ұрпақтар сабақтастығын жалғаған бұл тағылымды кеш туған жер тарихына деген қызығушылықты арттырып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Оставить отзыв