КГУ "Централизованная" библиотечная система
Бухар-жырауского района"
акимата Бухар-жырауского района

Жаңалықтар

«Қабдеш Жұмаділов кітаптары – оқырман таңдауы» ақпараттық сөре

«Қабдеш Жұмаділов кітаптары – оқырман таңдауы»

Ауылымыздың мәдениет ошағы — Үштөбе ауылдық кітапханада мектеп оқушылары мен жас оқырмандарға арналған «Қабдеш Жұмаділов кітаптары – оқырман таңдауы» атты арнайы ақпараттық сөре ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпақтың тарихи санасын ояту және оқу мәдениетін көтеру.

Ақпараттық сөренің басты жаңалығы:

Биылғы «Бір ел – бір кітап – 2026» республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған жазушының әйгілі «Тағдыр» романы сөренің төрінен орын алды. Оқушылар бұл шығарма арқылы шекараның арғы-бергі бетіндегі қазақ жұртының қилы кезеңімен және бас кейіпкер Демежанның өнегелі өмірімен таныса алады.

📚 Сонымен қатар, ақпараттық сөреде автордың өзге де құнды туындылары:

Қазақ халқының бірлігі мен ерлігін жырлайтын «Дарабоз» тарихи эпопеясы;

Атамекенге деген сағыныш пен ұлы көштің тарихын баяндайтын «Соңғы көш» дилогиясы;

Жазушының өзге де әңгімелері мен қызықты естелік кітаптары кеңінен насихатталды.

Ауыл балаларын, мектеп оқушыларын қазақ әдебиетінің алтын қорынан сусындауға, кітапханамызға келіп, «Жыл кітабын» бірге оқуға шақырамыз!

#ҚабдешЖұмаділов#ТағдырРоманы#БірЕлБірКітап2026

Оставить отзыв