Ұлттық валюта – ел тәуелсіздігінің айқын нышаны, мемлекеттігіміздің маңызды белгісі.
Осы атаулы күнге орай Құшоқы ауылдық кітапханамызда «Ұлттық валюта – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар төл теңгеміздің тарихымен танысып, оның айналымға енгізілуі, алғашқы банкноттар мен монеталар туралы қызықты мәліметтер алды. Сонымен қатар ұлттық валютаның ел экономикасындағы маңызы туралы ой бөлісіп, танымдық сұрақтарға жауап берді.
Теңгеміз – тәуелсіздігіміздің тұмары, ұлттық мақтанышымыз!
Еліміздің еңсесі биік, теңгеміздің тұғыры берік болсын! 🇰🇿
