Доскей ауылдық кітапханасында Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай кітапханада «Ұлт мақтанышы – Тоқтар Әубәкіров» атты танымдық шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жасөспірімдерді Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолымен, еңбек жолымен, ғылым мен ғарыш саласындағы жетістіктерімен таныстыру, олардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға Тоқтар Әубәкіровтің балалық шағы, авиация саласына келуі, сынақшы-ұшқыш ретінде атқарған еңбегі, 1991 жылы ғарышқа жасаған тарихи сапары және тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар оның алған мемлекеттік марапаттары, жоғары атақтары мен ел тарихындағы ерекше орны жөнінде мәліметтер ұсынылды. Кітапханашы мерейтойға орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасап, баспа беттерінде жарияланған мақалалармен, мерзімді басылымдардағы деректермен және Тоқтар Әубәкіровтің өмірі мен ғарыш саласына арналған кітаптармен таныстырды. Оқырмандарға кітапхана қорындағы әдебиеттер мен танымдық басылымдар насихатталды.
Шара барысында «Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста» атты бейнеролик көрсетілді.
Жаңалықтар
Posted in
«Ұлт мақтанышы – Тоқтар Әубәкіров»
Posted in
