Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойына арналған «Тарих сөйлейді: 90 жылдық хроникалар шеруі» тарихи экскурсына Бұқар жырау аудандық орталық кітапханасы да белсенді қатысты. Кітапхана мамандары келушілерге Тың игеру кезеңінің тарихын таныстырып, сол дәуірдің маңызды оқиғалары мен өңірдің дамуына қосқан үлесі туралы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар үшін Қарағанды қаласының көрікті жерлері мен тарихи ескерткіштеріне арналған танымдық […]
День: 15.06.2026
«Жанға жақын – «Жыл он екі ай»
Аудандық балалар кітапханасының оқу залында балалардың сүйікті басылымы – «Жыл он екі ай» журналының 25 жылдық мерейтойына арналған «Жанға жақын – «Жыл он екі ай» атты библиожурфикс өтті. Шараға С.Торайғыров атындағы тірек мектебінің жазғы лагерь тәрбиеленушілері қатысып, журналдың тарихымен, қызықты айдарларымен танысты. Балалар танымдық ойындарға қатысып, жұмбақтар шешіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар журналдың […]
«Азаттықты армандаған Алаш арысы»
Қарақұдық ауылдық кітапханасында «Азаттықты армандаған Алаш арысы» атты ауызша журнал өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге Алаш қозғалысының көшбасшысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметін таныстыру, оның ел тәуелсіздігі жолындағы ерен еңбегін насихаттау және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу болды. Шара аясында «Алаштың ардақтысы – Әлихан» атты көрме-панорама ұйымдастырылып, қатысушыларға Әлихан Бөкейханның өмірі […]
